Асқар Мамин жиналған астықты сақтап қалу үшін барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин жиналған егінді сақтап қалу үшін барлық күш-жігерді жұмсауды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ауа-райының қолайсыздығына байланысты жиналған астықтың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 млн тоннаға кем. Сондықтан, бағаны тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Азық-түлік корпорациясымен» астықты уақтылы сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Климаттың ерекшелігін назарға ала отырып, жиналған егінді сақтап қалу үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Астық қабылдау кәсіпорындары астықты сақтауға уақытында қабылдауына, астықты кептіріп, өңдеуіне назар аударуы қажет. АШМ әкімдіктермен бірге ауыл шаруашылығы құрылымдарының келесі жылдың қажеттілігін қамтамасыз етіп, оның сапасын тексерсін. Жаңа астықты экспорттауға дайындық жұмыстары аясында Индустрия және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне логистика мәселесін шешу үшін шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Асқар Мамин сонымен бірге Энергетика министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын жоғары ылғалдылығын ескеріп, қазан-қараша айларында астық мен тұқымды кептіру үшін облыстарға қосымша дизельдік отын бөлуді тапсырды.

«Роман Скляр егін орудың аяқталуын өз бақылауына алады», - деді Асқар Мамин.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылғанын, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құрағанын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар