Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапары бойынша видеодайджест

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 13 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барды.

Онда Премьер-Министр әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылыс алаңдарын аралап көрді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.


ҚР Премьер-Министрі болашақ халықаралық әуежай ғимаратына барды.

Асқар Мамин әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылыс барысын тексерді.

Қазақстан Премьер-Министрі Оқушылар сарайына барып, салынып жатқан департаменттер ғимаратын, конгресс-холлды, бассейні бар мектеп сарайын, 7000 орынға арналған стадионды, Қазақ драма театры ғимаратын, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақты аралап көрді.

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, «Ұлы дала елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының, визит-орталығының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын тексерді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы қонақ үй-туристік нысандардың құрылысын қарады.


Соңғы жаңалықтар