Асқар Мырзахметов Жамбылда жүзеге асатын 108 жоба туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 11 жатақхана салынуда», - дейді А.Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Ауыл - алтын бесік» жобасы аясында облыстың 3 аудан орталығында 3 млрд теңгеге есептелген 108 жоба асырылуда. Оның ішінде 104 жобасы жөндеу жұмыстарын қамтиды, ал 4-і әлеуметтік нысан салынады. Құрылыс 2020 жылы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар