Әскерге шақырылғандар арасында көзі нашар көретіндер көбейген - Амантай Өсербаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда әскери қызметшілердің 70 пайыздан астамы келісімшарт бойынша қызмет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің басшысы Амантай Өсербаев осылай деп мәлімдеді.

«Бүгінде келісімшарт бойынша қызмет еткісі келетіндер саны артып келеді. Мысалы, биыл келісімшартпен жұмыс істеуге Алматыдан 500-ге жуық адам қабылданды»,- деді ол.

Сонымен қатар, әскерге шақырылғандар арасында көру қабілеті нашар азаматтар көбейген.

«Жаңа буындағы әскерге шақырылушылар арасында жиі кездесетін аурулардың бірі – көру қабілетінің нашарлығы, сондықтан талаптар өзгеріп, төмендетілді. Себебі, қазір 100 % көру қабілеті бар әскерге шақырылушылар аз. Біз сондай-ақ үміткерлердің білім деңгейі мен психологиялық жағдайын ескереміз», - деді А. Өсербаев.

Брифинг барысында қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату туралы шешімді тек шақыру комиссиясы қабылдайтынын айтты.


Соңғы жаңалықтар