Әскери қызметшілер дабыл бойынша іс-қимылдарды пысықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әскери бөлімді жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру алгоритмі Нұр-Сұлтан қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасында көрсетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери қызметшілер бөлім кезекшісінің іс-қимылынан бастап жауынгерлік техниканың шығуы жайлы іс-қимылды орындады.

Әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министріне кезекші бөлімшенің, бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылдарын, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыруды, жеке құрамға қару-жарақ пен мүлікті беруді, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімді сақтаудан алып тастау тәртібін және жауынгерлік техниканың тұрағынан шығуын көрсетті.

Бөлімше толықтыруды қарсы алу пунктінің жұмысы қалай ұйымдастырылатынын, жергілікті әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылдың қалай жүргізілетінін пысықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 18-21 қараша аралығында Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Бұл түрлі пішіндегі іс-шаралардың жиынтығы. Атап айтқанда, командалық-штабтық әскери ойын, нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, дәрістер және тактикалық лездемелер.

Соңғы жаңалықтар