Әскери қызметшілер ел қалаларында дезинфекцияны жалғастыруда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай режимі кезінде ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері еліміз қалаларында дезинфекциялық жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери қызметшілер еліміздің 29 қаласында жалпы аумағы 50 миллион шаршы метрден асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысанға және ұзындығы 4 мың шақырымға жуық жол учаскелеріне дезинфекция жүргізді.

«Коронавирус инфекциясының таралуы әлі де жалғасуда, Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын карантин шараларын сақтауға шақырды. Елдегі төтенше жағдай режимі алынғанына қарамастан, вирустың таралу қаупі өте жоғары болып отыр.Әскери қызметшілер кейбір қалаларда карантин шаралары жеңілдетілгеніне қарамастан, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету мақсатында шұғыл түрде 16 санитарлық өңдеу тобы құрылды, ал 2020 жылдың 25 мамырынан бастап әскерде арнайы өңдеу құрама жасақтарының бөлімдеріне инфекциямен күрестің екінші кезеңі басталғаны туралы жарияланды», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Алғаш рет бетпе-бет келген коронавирус инфекциясымен күрес тәжірибесі сала мамандарфмен мұқият зерделеніп, талданған.

«Әскери қызметшілердің кейінгі іс-әрекеттері барынша кәсіби болады, осылайша жергілікті атқарушы органдардан өңдеуге түскен өтінімдердің ішінен жақын арада жалпы ауданы 224 060 м2 шамамен 80 әлеуметтік маңызы бар нысанды өңдеу жоспарлануда, бұл дезинфекциялық топтар үшін жоғары көрсеткіш болып табылады. Қалаларда бұрын енгізілген барлық шектеулер қатаң бақылауда. Жеке құрам мен еліміздің азаматтары денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Әр нысанды өңдеу шаралары мұқият ұйымдастырылған», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар