+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Астана афишасы: Абылайханның арманы, француз музыкасы және Мадагаскар

2018 жылғы 5 ақпан 12:49
Бөлісіңіз:
Астана афишасы: Абылайханның арманы, француз музыкасы және Мадагаскар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналықтар 5-11 ақпан күндері өтетін бірқатар мәдени шараларды тамашалай алады. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Мәдениет, архив және құжаттама басқармасына сілтеп жасап хабарлайды.

5-11 ақпан күндері Тәуелсіздік сарайында «Тәуелсіздік белгісі - Астана» көрмесі мен Жанна Спунердің жеке коллекциясынан «Кеңістіктегі қозғалыс» атты көркемөнер көрмесі өтеді.

Сонымен бірге, 22 ақпанға дейін Тәуелсіздік сарайында «Талантқа тағзым» көрмесі, 23 ақпанға дейін - «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі қойылады. 28 ақпанға дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстандық суретшілердің шығармалары» көрмесін тамашалауға болады.

6 ақпан күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ер Төстік» халық ертегісі қойылады. Басталуы сағат 11:00.

7 ақпан күні сағат 17:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Думан Рамазанның «Абылайханның арманы» тарихи драмасы қойылады.

19:00-де «Астана» концерт залында Қазақ оркестрі мен классикалық, эстрадалық және халықтық вокал солистерінің қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали» музыкалық-драмалық қойылымы

«Жастар» театрында Ж. Құлмамбетовтың «Жасауыл» спектаклі қойылады. Басталуы 19:00-де.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында С. Матвеевтің «Наедине с Пушкиным» моноспектаклі өтеді. Басталуы 19:00-де.

8 ақпанда М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында кішкентай көрермендер А. Анатольеваның «Снежная королева» ертегісін көре алады. Басталуы 11:00-де.

«Жастар» театрында балаларға Дж.Родаридің «Чиполлино» ертегісі көрсетіледі. Басталуы 11:00-де және 13:00-де.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды Шынарым» лирикалық драмасы өтеді. Басталуы 15:00-де.

9-10 ақпан күндері Бейбітшілік және келісім сарайында «Жайдарман - 2018» гала-концерті өтеді. Басталуы 19:00-де.

9 ақпан күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали» комедиялық спектаклі өтеді. Басталуы 19:00-де.

«Жастар» театрында Ж. Құлмамбетовтың «Жасауыл» спектаклі қойылады. Басталуы 19:00-де.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Булгаковтың «Мастер и Маргарита» спектакль-эклектикасы өтеді. Басталуы 19:00-де.

«Астана Опера» театрының камералық залында L'ipression француз музыкасының кеші өтеді. Басталуы 19:00-де.

10 -11 ақпан күндері астаналық циркте «Пингвиндер аралындағы аңдар шеруі» цирк бағдарламасы өтеді. Басталуы 16:00-де.

10 ақпан күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында С. Астраханцеваның «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі қойылады. Басталуы 11:00-де.

Дәл осы театрда кешкі 18:00-де У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» қойылымы көрсетіледі.

«Жастар» театрында Сая Қасымбектің «Лифт» психологиялық драмасы өтеді. Басталуы 15:00-де.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М. Әуезовтың «Қараш - қараш» повесінің желісі бойынша Қ.Ысқақтың қойылымы өтеді. Басталуы 19:00-де.

10-11 ақпан күндері қуыршақ театрында Уолт Диснейдің «Мадагаскар-3» мультфильмінің желісі бойынша «Байқа жолда, балақай» қойылымы өтеді. Басталуы 12:00 және 14:00-де.

11 ақпан күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Г. Андерсеннің «Дюймовочка» ертегісі қойылады. Басталуы 11:00-де.

Аталған театрда кешкі 18:00-де А. Пушкиннің «Евгений Онегин» романы сахналанады.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» спектакль - элегеясы өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.

19:00-де «Жастар» театрында Сая Қасымбектің «Лифт» психологиялық драмасы қойылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT