Астана автобустарын дезинфекциялауға күн сайын 2,4 мың литр ерітінді қолданылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанның автобустары мен автопарктерінде дезинфекция жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Елорданың қоғамдық көлігін санитарлық өңдеу үшін күн сайын 2 400 литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылады.

Қоғамдық көлікте аурудың алдын алып, профилактикалық жұмыс жүргізу үшін мұқият дезинфекция жасалады. Осылай өңдеу ұдайы өткізіліп тұратынын айта кету керек.

«Маска режимін сақтауды ұмытпаңыздар. Автобусқа маска кимеген адамды отырғызбайды. Сондай-ақ автобусқа тек алдыңғы есігінен кіру керек. Ал жолақыны қағаз ақшасыз, көлік картасымен немесе SMS, QR-код арқылы төлеуге тура келеді» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар