+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

«Астана біздікі» - Елордада мұздай қаруланып, видеоға түскен жас жігіт ұсталды

2019 жылғы 17 қараша 12:16
Бөлісіңіз:
«Астана біздікі» - Елордада мұздай қаруланып, видеоға түскен жас жігіт ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мұздай қаруланып, «Астана біздікі» деп видеоға түскен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті Түркістан облысында 12 жастағы жасөспірім суға батып кетті Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті

«14 қарашада әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жас жігіттің қарудың бірнеше түрін ұстаған видеосы тараған болатын. Полиция қызметкерлері видеоны зерттеп, тиісті шараларды бірден қолға алды. Жедел іздестіру барысында бұрын сотты болған 24 жастағы жергілікті тұрғын, сонымен бірге, аталмыш видеоны түсірген және көлікті жүргізген жүргізуші анықталып, ұсталды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары видеоның шамамен бір ай бұрын түсірілгенін хабарлайды.

Еске сала кетсек, елорда сақшылары «бақайшағына дейін қаруланған» жігіттің кім екенін бұған дейін анықтаған болатын.

«Әлеуметтік желілерде 14 қарашада тараған аталмыш видеоға қатысты Полиция департаменті жедел іздестіру шаралары барысында 24 жастағы қала тұрғынын анықтады», - деп хабарлады кеше қалалық полиция департаментінен.

Айта кетсек, бұған дейін «Астана-сергек» Instagram парақшасында жас жігіттің қару ұстап, «Астана біздікі» деген видеосы тараған болатын. Видеода жас жігіт бірнеше қаруды ұстап, былапыт сөздер айтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT