Аstana LRT ісі бойынша үкімнің күші жойылып, іс прокурорға қайтарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық соттың апелляция алқасы Аstana LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қылмыстық істі прокурор қайта қарайды. Сот алқасы осындай шешімге келді.

Отырыс елордалық соттың апелляциясында қаралған.

Өйткені бұл атышулы істе заңбұзушылықтар көп.

Дәлел болғанымен, кейбір шетелдік компаниялардың өкілдеріне қатысты шешім қабылданбаған.

Ал сотталушылар қамауда отыра береді.

Бұған дейін осы іс бойынша айыпты деп танылған жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.


Соңғы жаңалықтар