Astana Open: Дмитрий Попко негізгі турнирге жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 188-ракеткасы Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 243-орында тұрған тәжірибелі аустралиялық, 33 жастағы Мэттью Эбденмен күш сынасты.

Бірінші партияда аустралиялық теннисші басымдылық көрсетті – 6:3.

Екінші және үшінші сетте Д.Попко өз шеберлігін таныта білді – 6:3, 6:4.

2 сағат 4 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 2 брейктен аса алмады.

Осылайша Д.Попко Astana Open ATP 250 жарысында өнер көрсететін қазақстандықтар Александр Бублик, Михаил Кукушкин және Тимофей Скатовтың қатарына қосылды. Сондай-ақ негізгі кезеңге өтуден Денис Евсеев те үмітті. Ол үшін бүгін іріктеу сайыстарының финалында аустралиялық Марк Полмансты ұтуы керек.

Т.Скатов бүгін тағы бір тісқаққан ойыншы, италиялық Андеас Сеппимен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open ATP 250 турнирінде қазақстандықтардың қарсыластары анықталғанын, Дмитрий Попконың іріктеу сайыстарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар