Астана процесінің 17-ші халықаралық кездесуі биыл өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана форматындағы Сирия бойынша 17-ші халықаралық кездесу жыл соңына дейін елордада өтеді. Бұл жайында кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық қызыл крест ұйымы өкілдерінің Астана форматындағы байқаушылар ретінде қатысуын ризашылықпен атап өттік. Қазақстан билігіне Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматындағы Сирия бойынша 16-шы халықаралық кездесуді өткізгені үшін шынайы алғысымызды білдірдік», - делінген Астана форматындағы келіссөздің кепілгер елдері Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының бірлескен мәлімдемесінде.

Сонымен қатар аталған мәлімдемеде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 2021 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматындағы Сирия бойынша 17-ші халықаралық кездесуді өткізу шешімі қабылданғаны айтылады.


Соңғы жаңалықтар