Астанада 1 мамыр мерекесінде карантин бұзған кафе-барлар жабылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мониторинг топтары карантин режимін бұзып жатқан кәсіпкерлік нысандарын анықтау мақсатында күн сайын рейд жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Олардың құрамына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері, әкімдік қызметкерлер, волонтерлер мен елордалық полицейлер кіреді.

Мәселен, мамыр айының мереке күндерінде 70 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, 22 карантин бұзушылық анықталды.

Бас санитар дәрігердің қаулысындағы ескерту шараларына қарамастан, елорда тұрғындары мен қонақтары ойын-сауық орындарына әлі де баруда.

Бос уақытын достарымен бірге өткізіп, салдарын ойламайды әрі санитарлық талаптарды елемейді.

Тексеру барысында түнгі уақытта кальян қызметтерін ұсынған, санитарлық нормаларды бұзған ресто-барлар мен клубтардың жұмысы анықталды.

Сағат 00.50-де Қорғалжын тасжолы бойындағы «D-51» ресто-барында 70-ке жуық адам демалып отырған.

Қабанбай батыр даңғылындағы «INFORNO» мейрамханасында сағат 23:43-те 60 адам болған, оған қоса мейрамхана клиенттерге кальян ұсынған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сонда-ақ сол рейд барысында мониторинг топтары бұған дейін де бірнеше рет жауапқа тартылған ойын-сауық мекемелерінің карантин режимін бұзғанын анықтады.

Қолданыстағы тыйымдарға қарамастан, «Ray bar», «ВаоВао», «PeiZdes» және «INCOGNITO» мекемелерінің әкімшілігі келушілерге қызмет көрсетуді жалғастыруда.

Карантин режимін бұзушыларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты олардың қызметін тоқтата тұру туралы мәселені қарастырып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті заң бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

Полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерде карантин режимін сақтау туралы түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр.



Соңғы жаңалықтар