Астанада 21-31 тамыз аралығында СҚО-ның мәдениет күндері өтеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 21-31 тамызда Астанада Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері өтеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астананың қалалық алаңы салтанатты түрде 24 тамызда ашылады. 21-31 тамыз аралығында «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде СҚО-ның суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Сондай-ақ СҚО күндері аясында ҚР Ұлттық мұрағатында «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдері» атты сирек және бірегей материалдарының көрмесі ашылады».

Олар 26 тамызға дейін жұмыс істейді. 25 тамызда бірнеше шаралар өтеді. «Бәйтеректің» жанында облыстың үздік әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтеді. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н. Погодин атындағы драма театрының гастролі өтеді.

Артистер «Рождество алдындағы түн» атты спектакль қояды. С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ театрында «Ревизор» комедиясын қояды. 24-25 тамыз аралығында қуыршақтар театры балаларға арналған Бике Құлыншақова мен Евгений Пермяковтың «Даланың ақ қызы» атты ертегісін көрсетеді.

Қойылым Астана қуыршақтар театрында өтеді. 26 тамызда «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Сегіз сері» қазақ халық аспаптар оркестрі және өңірдің үздік вокалдық тобы өнер көрсетеді. 27 тамызда ЭКСПО көрмесі аумағындағы амфитеатрда «Қызылжар елі - Қазақстан қазынасы» атты гала-концерт өтеді. Оған «Ринго» және «Аюми» топтары мен облыс әртістері қатысады.

Соңғы жаңалықтар