Астанада 470 теңгенің қантын қай дүкендерден сатып алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы 4 мың тоннадан астам қантқа келісімшарт жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған басқарманың хабарлауынша, елорданың бірқатар сауда нысандарында қанттың бір килосы 320 теңгеден бастап 470 теңгеге дейін бекітілген бағада сатылып жатыр.

Осылайша, әкімдік қант бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдаған.

Осы мақсатта 4 мың тоннаның 2 мыңы «Тараз қант зауыты» ЖШС өндірушісінен сатып алынады. Қанттың келісі 470 теңгеден сатылып жатыр.

«Магнум» сауда желісімен 1,5 мың тонна қант жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды. Қанттың бір килосының бағасы - 465 теңге.

Одан бөлек, Азық-түлік корпорациясынан 136 тонна (немесе 2 вагон) қант сатып алынды, оның бір килосы - 320 теңге.

Сондай-ақ, Алматы облысындағы қант зауытымен 2 мың тонна қант жеткізу жөнінде келіссөз жүріп жатыр.

«Айта кетейік, қазір сауда нысандарының сөрелерінде қант бар. Тұрақтандыру қорынан қантты «Магнумның» 58 филиалынан, сол сияқты «Вкусмарт», «Аян», «Астықжан», «Фермаг» желілерінен сатып алуға болады» деп мәлім етті әкімдік.


Соңғы жаңалықтар