Астанада астан уланған 101 адам ем алып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тамақтан уланған 18 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астан улану бойынша 101 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір 18 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 ересек және 17 бала бар. Одан бөлек 83 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үстінде. Ал ауруханадан жазылып шыққан адам саны – 53», - деген ақпарат таратты баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, пациенттердің жалпы жағдайы орташа, қалыпты.

Еске сала кетсек, 13 маусым күні елордада 64 адам тамақтан уланды.

Бүкіл науқас өз ауруларын елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынумен байланыстырған.

Кейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы астан уланып ауруханаға түскен 52 адамның жағдайына қатысты түсінік берді.


Соңғы жаңалықтар