Астанада автожолдағы асфальт опырылып түскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Мәңгілік ел көшесінде автожол үстіндегі асфальт опырылып, ойық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео Instagram-пабликтердің бірінде жарияланды.

Оқиғаға қатысты «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ресми мәлімет берді.



«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Мәңгілік ел көшесі, 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуынан құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлағанын хабарлайды.

2 мамыр күні авариялық бригада құдық жабынының қалған бөлігін бөлшектеп, шойын қақпақ орнатып, бетондады.

Аталған орынға жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген компанияның баспасөз қызметі ұсынған жауапта.

Айта кетейік, бұл, сапасыз жолға қатысты астанадағы бірінші оқиға емес. 19 сәуір күні Ш.Уәлиханов-Ғ.Қараш көшелерінің қиылысында жол үстінде пайда болған үлкен шұңқырға көлік түсіп кеткен еді.







Соңғы жаңалықтар