12:08, 26 Ақпан 2021 | GMT +6
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасынан.
Осы уақытта термометр 26 градус аязды көрсетіп тұр. Сезілу -39 градус.