Астанада ерекше білімді қажет ететін балалар спартакиадасы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осымен екінші жыл ұйымдастырылып жатқан білім алуда ерекше мұқтаждығы бар балаларға арналған «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Қазақстанның 16 қаласында іріктеу кезеңдері өтіп, оларда 3 мыңнан астам жас спортшы бақ сынады. Спартакиаданың ақтық сынына еліміздің барлық өңірінен 411 бала сүрінбей өтті.
null null 

Үш күнге созылатын спорт жарысы мини-футбол, голбол, жеңіл атлетика, жүзу үстел теннисі сияқты спорт түрлерімен қатар асық ату, бестас сынды ұлттық ойындардан да сынға түседі.

«Бүгінгі спартакиаданы батылдық пен төзімділіктің, қажырлық пен қайраттылықтың салтанаты деп айтсақ артық емес. Мемлекет дамуындағы маңызды істердің бірі ол ерекше күтімді талап ететін жандарға мән беру, жағдай жасау. Қазірде олардың құқықтарын қорғаумен қатар, қоғамдық шараларға көптеп қатыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар елімізде инклюзивті білім беру жүйесі қолға алынуда, одан бөлек ерекше күтімді талап ететін азаматтарды еңбекпен қамту аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл өз кезегінде Елбасының тікелей тапсырмасы болып табылады. Бүгінгі спартакиадада Сіздердің барлықтарыңыз жеңімпазсыздар» - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
null 

Сайыс қатысушыларының ең жарқын сәттерінің бірі ретінде белгілі тележүргізуші, қоғам белсендісі Аружан Саинның жетекшілігімен өткен жаттығу болғанын айтып өткен жөн.

Сонымен қатар спартакиада аясында еліміздің түкпір түкпірінен келген спортшы балаларға Елорданың тарихи-мәдени және көрікті жерлерін көрсету шарасы ұйымдастырылады.
null

Айта кетейік, «Жұлдызай» ерекше білімді қажет ететін балалардың республикалық спартакиадасы «Нұр Отан» партиясы, «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Назарбаев университеті және Алматы, Астана қалалары мен облыстар әкімдіктерінің қолдауымен өтуде.

 null 

null

null  

Соңғы жаңалықтар