+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Астанада Федор Достоевскийдің «Ұлдар» драмасының премьерасы өтті

2021 жылғы 14 қаңтар 15:44
Бөлісіңіз:
Астанада Федор Достоевскийдің «Ұлдар» драмасының премьерасы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында 2021 жылдың 11, 12, 13 қаңтар күндері Федор Достоевскийдің «Ұлдар» драмасының премьерасы өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды Елорданың Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті Көкшетауда «Жас дарын» музыканттар байқауы облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

Драма жазушының 200 жылдығына орайластырылып, «Ағайынды Карамазовтар» романының желісімен сахналанды. Қоюшы режиссері – Ерназар Жаңатілек.

«Ұлдар» – 1878-1880 жылдары жазылған «Ағайынды Карамазовтар» романындағы IV бөлімнің оныншы кітабы. Бұл туындыда адам өмірінің негізгі мәселелері алға қойылған. Әр адамның өмірі мен бүкіл адамзат тарихының мәні, адам болмысының моральдық және рухани негіздері туралы мәселелер қарастырылады.

Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров: «Біздің музыкалық жас көрермен театрының 2021 жылындағы алғашқы премьерасы Ф.Достоевскийдің «Ұлдар» спектаклімен шымылдығын түргелі тұр. Еліміздің шығыс өңірінде ізі қалған, Шоқанның досы болған қаламгердің туындылары қазақ театрында бұрын-соңды қойылмаған.

Достоевский шығармалары қазақ көрерменіне алғаш рет жол тартып отыр. Режиссердің де бұл дебюттік қойылымы. Бір атап өтерлігі, романның төртінші бөлімінің 10-кітабы «Ұлдар» деп аталады. Драманың негізіне дәл осы тарау алынған. Ал қазақ тіліне Айнұр Омаш тәржімалады» - деді.

Аталмыш қойылым жасөспірімдер өмірінен көрініс береді. Олардың адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарастары, күнделікті өмірдегі бір-бірімен қарым-қатынастары баяндалып, оның ішінде достық мәселесіне аса мән берілген. Бұл әр заманда да өзекті тақырып. Өйткені қазір де, бұрын да жасөспірімдер адал достықтың иесі немесе, керісінше, амал достықтың құрбаны болып жатады. Ол балалық психологияның шеңбері болғанымен, жасөспірімдер ғана емес, ересек адамдарға да ой салатын көркем шешімдерге құрылған қойылым.

Драмада гимназиядағы бірнеше кадет оқушыларының өмірін көрсете отыра, Алексей Карамазовтың келбетіне барынша шолу жасалған. Алексей Карамазов – дін қызметкері, ағайындылардың ішінде ең мейірімді, адамгершілік қасиеті мол, ақылгөй жан ретінде сипатталады. Алексей Карамазовтың рөлін сомдаған театрымыздың жас актері – Абзал Арапов.

Қойылымдағы негізгі кейіпкердің бірі – Илюша Снегирев. Илюша нәзік жанды момын бозбала ретінде суреттеледі. Көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Ол замандастарына еріп балалықпен ауладағы иттің біріне нанның жұмсағына ине қадап береді. Сол иттің қиналғанын көрген ол істеген ісіне өкініп, құсалықпен құрт ауруына шалдығып өмірден өтеді. Аянышты тағдырды театрымыздың жас актері – Еламан Иманбаев шынайы жеткізе білді.

Ал екі сынып жоғары оқитын бозбала – Николай Красоткиннің рөлін сомдаған театр актері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асылхан Төлепов. Драма сюжеті бойынша Николай басында балалармен бәстесіп, пойыздың жолына жатып, өзінің өжеттігін дәлелдегісі келеді. Бірақ, бұл ісінің дұрыс емес екендігін көрсетіп, оны ешкімге айтпауын, осы жерде қалуын сұрап, бәстескен балалардың сертін алады. Ол жас болса да өзінің ақылдылығымен өз қатарынан дараланып, өзгешеленеді.

Сонымен қатар спектакльдегі ең айқын бейнелер – кадет оқушылары. Әрқайсысының бойынша өзіндік мінез қалыптасқан. Олар балалықтың ізіне еріп, Илюшаны біраз ренжітіп, қатыгездік танытты. Алайда сюжет соңында жасөспірімдер өз қателіктерін түсініп, Илюшадан кешірім сұрайды. Кадет оқушылары рөлінде – Шалқар Мұралтай, Ернар Мұхамбет, Азамат Болатов, Жасұлан Абдрахман, Иманғали Ақәділ, Мағжан Омар, Бибол Байғараев болды.

«Ұлдар» драмасының премьерасын өткізу барысында көрермен саны шектеліп, бекітілген барлық санитарлық нормалар сақталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT