Астанада кәсіпкерлерге арналған фулфилмент-орталық ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғаш ашылып отырған интернет-дүкен орталығында тауарды қабылдау мен өңдеуден бастап, буып-түю, сақтау жəне оны иелеріне жеткізу секілді қызмет түрлері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазпоштаның Астанада алғаш рет ашылған кезекті жобасы кəсіпкерлердің тауарды иесіне жеткізуін жеңілдетеді. Одан бөлек, қоймалармен, байланыс орталықтарымен, логистика жəне қызметкерлер құрамымен қамтамасыз ету шығынын азайтады. 

«Интернет-сауда мәдениетінің дамуымен қатар, қазақстандықтардың оны жеткізіп беруге деген талабы да артты. Қазір біз жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз, халықаралық курьерлік және логистикалық компаниялармен және пошта операторларымен ынтымақтастық орнаттық. Біз ТМД-да бірінші болып 2017 жылғы тамызда ҚХР-дан Қазақстанға теміржолмен сәлемдеме тасымалдауды жолға қойдық. Бұл жеткізу мерзімін 2 есе (60 күннен 25 күнге дейін) қысқартты, жеткізу құнын да 2 есе азайтып, тасымалдың тұрақтылығын арттырды. Теміржол бағытынан өзге біз ҚХР-дан Қазақстанға чартерлік әуе тасымалын іске қосу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұл жеткізу мерзімін 25 күннен 7-15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз халықаралық транзитті дамыту жоспарында бонд қоймаларды құру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов. 

Қазіргі күні жалпы ауданы 3 мың шаршы метрлік қоймада 20 интернет-дүкеннің 600 мың тауары сақталған, биылдың өзінде қоймадан 177 мың тауар жөнелтілді. 

Қазпошта басшысының сөзіне қарағанда, қазір Қазпоштаның Алматы мен Астанадағы 2 фулфилмент-орталығы интернет-дүкендердің осындай қызметтерге қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алады. 

Алғашқы фулфилмент-орталықтың ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қатысып, интернет дүкеннің жұмысымен танысты.

«Сіздер білесіздер, шағын жəне орта кəсіпкерлікті Елбасының өзі қолдап отыр. Соның негізінде бүгінде салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістерге сəйкес кəсіпкерлердің салық төлеуі жеңілдеді. Оның электрондық саудаға да қатысы бар, сондықтан үкімет сіздерден нəтижелі жұмыс күтеді. Ең бастысы, ел экономикасын дамытуда жаңа жұмыс орындарының ашылуы, бұл - қуантарлық жағдай», - деді вице-премьер Асқар Жұмағалиев.
null 

Айта кетейік, алдын ала деректерге сүйенсек, еліміздегі интернет сатып алушылардың саны өткен 7 айда 1,5 млн адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.  

null null 

Соңғы жаңалықтар