Астанада қатты желден кран құлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», - делінген комитет таратқан хабарламада.


Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ.

Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.

Еске салайық, биыл ақпан айында осыған ұқсас жағдай Тұран даңғылы бойында болды. Кранның құлауынан жұмысшы көз жұмды.

Сондай-ақ биылғы сәуірде тұрғын үйдің алтыншы қабатына кран құлаған еді.

Одан бөлек, мамырда кран кабелі үзіліп, құрылысшы қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар