Астанада кинотеатрлар қандай жағдайда ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қалада кинотеатрлар жұмысын қандай жағдайда бастай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 30% дейінгі толымдылықты сақтау, арақашықтық пен маска тағу тәртібін ұстана отырып, кинотеатрлардың жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл, аурушаңдық деңгейі бойынша «жасыл аймаққа» енетін өңірлерге қатысты. Нұр-Сұлтан «жасыл аймаққа» енгеніне – төртінші күн. Сондықтан біз жағдайды 10-12 күн бойы бақылайтын боламыз. Егер бұл көрсеткіш сақталса, онда қаладағы кинотеатрлардың жұмысын бастаймыз. Осы уақытқа дейін дайындық жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Жанна Пірәлиева.

Сондай-ақ атап өтілгендей, елорда кинотеатрлары пандемияда жұмыс істеуге дайын болуы керек. Яғни, кинозалдарға арақашықтық белгілері, санитайзерлер орнатылуы, қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Кинотеатрларға кіре берісте келушілер мен қызметкерлер термометриядан өтуі, сонымен қатар көрермендер маска тағуы керек. Отырғыштарды адамдар көп жиналмайтындай етіп ұйымдастыру қажет.


Соңғы жаңалықтар