Астанада қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайту үшін POS-терминалдар енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі А. Көлгінов, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры С. Әйтекенов және Mastercard өкілі Н. Виллеме «Ақылды қалалар, ақылды бағыттар» қалалық туризмі бойынша UNWTO VIII Жаһандық саммиті аясында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуді талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайтып, елорданың сауда орындарында кассалық аппараттардың болуын бақылауға алуды тапсырған болатын. Мәселен, Mastercard халықаралық төлем жүйесі әкімдікпен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп туристік нысандарда (кафе, мұражайлар, галереялар, көрмелер және т.б.)қызметтер мен сервисті кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Көрсетілген қызметтерді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есебінен төлеуге болады. Қосымша POS-терминалдар орнатылады.

Соңғы жаңалықтар