Астанада қолөнер шеберлерінің орталығын ашу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қолөнер шеберлерінің орталығын ашу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қолөнер шеберлерін бір алаңда шоғырландыру арқылы елордада туристерді тартатын орталық құрылады әрі қосымша жұмыс орындары ашылады. Осы және басқа да ұсыныстарды кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде айтты. Іс-шараға астана әкімі Алтай Көлгінов және Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Сүлейменов қатысты.

«Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы сәні мен салтанаты жарасқан туристік брендті қалыптастыруда әлеуеті жоғары. Өңірде кәдесый бұйымдары өндірісінің болуы және қолөнер жәрмеңкелерінің өтуі туризм саласының дамуына оң ықпал етті. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында елорда мәртебесіне сай келетін қолөнер шеберлерінің бірыңғай орталығы жоқ, қала көшелерінде, көпшілік жиналатын орындар мен саябақтарда шетелде жасалған кәдесыйлар сатылады. Елорда және көрші жатқан өңірлердегі шеберлердің басын қосатын қолөнер шеберлері орталығын ашуды ұсынамыз. Орталық отандық шеберлер өндіретін өнім сапасын арттыруға ықпал етеді және туристерді тартатын тағы әсем орынға айналады», – деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Бағила Бисембаева
Соңғы жаңалықтар