Астанада ҚР Жоғарғы сотының судьясы қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда ҚР Жоғарғы сотының судьясы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 11 ақпаны күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Жоғарғы соттың Ішкі қуіпсіздік бөлімінің бірлескен шараларының нәтижесінде Жоғарғы сот судьясы Ж. пара алды деген күдікпен ұсталды. 2021 жылдың 9 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты оған қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп мәлім етті елорданың ауданаралық тергеу соты Facebook-те.


Соңғы жаңалықтар