Астанада отандық тауар өндірушілер форумы өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Форум аясында Астана қаласы мен Қарағанды облысының құрылыс компаниялары арасында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумда аталған екі өңірдің тауар өндірушілері өз өнімдерін таныстырды. Сонымен қатар Қарағанды облысының өндірістік және индустриялы инновациялық əлеуеті туралы сөз қозғалды.

Одан бөлек, тауар өндірушілер арасында В2В үлгісінде диалогтық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынып қана қоймай, өзара əріптестік орнатты.

null   «Бүгінгі отандық тауар өндірушілер үшін айтулы күн, өйткені бұл форумда өз өнімдері туралы айтып қана қоймай өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге қол жеткізуде. Өздеріңіз білетіндей Астана қарқынды дамуда. Әсіресе құрылыс саласында ілгерілеу бар. Осы тұрғыда отандық өнімдерді кеңінен қолдаумен қатар қолдану қажеттігі туындап тұр. Бұл жерде кішірігім цехтан бастап ірі холдингке дейін бар. Ал, Қарағандыға келсек облыстың өндірістік әлеуеті жоғары, атап айтқанда онда 217 ірі және ұсақ өнеркәсіп бар, халқының 31,6% өндіріс саласымен айналысады», - деді Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарманың басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

nullФорум аясында Астана жəне Қарағанды облысының BI-GROUP, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Алтын Арна» холдингі ЖШС, «TAS-2006» ЖШС, «ALIAN-Paint» ЖШС, «Металл Профиль» зауыты ЖШС, Базис-А жəне «Bekem-Plast» ЖШС, «Жакко Қарағанды» ЖШС, «ALIAN-Paint» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, Сембол жəне «Сантехпром» ЖШС құрылыс компаниялары арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

null«Біздің компания отандық энергетика нарығында алдыңғы қатарда. Соңғы бір жыл ішінде облыстың орталық алаңын жарықтандыру толық біздің компанияның тауарларымен қамтылды. Одан бөлек еліміздің басқа да ірі қалалары мен ТМД елдерінің электротехникалық нысандарында біздің жабдықтар қолданылуда. Бүгінгі таңда компаниямыз 4 бағыт бойынша 400-ден астам электротехникалық жабдықтар шығарады», - деді қарағандылық «ELTO» энергожүйелер компаниясының сату жөніндегі директоры Алексей Крюков.

Соңғы жаңалықтар