Астанада ретроавтомобильдер көрмесі өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ретроавтомобильдер көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ретроавтомобильдер мен әскери техника макеттерінің көрмесі ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде өтті. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектептерінің құрылған күніне орайластырылған.


Келушілер ашық аспан астында орналасқан автомобильдерді қызығушылықпен аралап көруде. Алаңға өткен ғасырдың ортасында шығарылған әскери және басқа да техниканың 20-ға жуық үлгісі қойылды.

Сондай-ақ музей ғимаратында өзге де жәдігерлермен танысуға болады.

«Мұнда әскери техниканың үлгілері, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шайқастардың диорамалары бейнеленген экспозициялар да бар.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрі мен Орталық әскери ансамблінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрмені тамашалуға келгендерге керемет көңіл-күй сыйлап жатыр», - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.



Соңғы жаңалықтар