Астанада скверге ІІ Елизавета патшайымның есімін беру ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында шағын саябаққа Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның есімін беру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабанбай батыр даңғылындағы «Салтанат сарайы» кешені мен The St. Regis Astana қонақ үйі арасында орналасқан атаусыз скверге Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің патшайымы ІІ Елизавета есімін беру ұсынылып отыр. Аталған ұсыныс ҚР Сыртқы істер министрлігінің тарапынан екіжақты дипломатиялық байланысты нығайту мақсатын көздейді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында жасаған баяндамасында.

Сонымен қатар елордадағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан атаусыз аллеяға мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, дипломат Нәзір Төреқұловтың есімін беру бойынша ұсыныс жасалды.

Бұған дейін елордадағы бірқатар білім ошағына елімізге танымал тұлғалардың есімін беру ұсынысы туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар