Астанада велостанциялар іске қосыла бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында велостанцияларды іске қосу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, бүгінде қаладағы 154 станцияның 76-сы жұмыс істеп тұр. Барлығы 400 велосипед қолжетімді.

Келесі көшелерде 14 велостанция жаңадан ашылып отыр: ⠀
- Республика даңғылында - № № 88, 89, 93, 94, 95, 96, 97;
- Сарыарқа даңғылында - № № 55, 56, 57, 63;
- С.Сейфуллин көшесінде - № № 58, 59, 60.
Сәуір айының соңына дейін қаладағы барлық 154 станцияны іске қосу жоспарланған. Жұмыс істеп тұрған велостанцияларды www.velobike.kz сайтынан көруге болады. Олар көк түспен боялады. Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпарат та осы сайтта қолжетімді.


Соңғы жаңалықтар