Астанада Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Бүгін грек-рим күресінен тұңғыш қазақ олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровке арналған халықаралық турнир басталды» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.


Еске сала кетейік, біз бұған дейін 7-9 мамыр күндері грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтетінін хабарлаған болатынбыз.

2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы қатысады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталады.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.


Соңғы жаңалықтар