13:43, 12 Қыркүйек 2019 | GMT +6
Астанада жеңіл көлік отқа оранды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Қонаев және Тұран көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz SL 55 көлігі өртенді. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«12 қыркүйек күні сағат 12:37-де «101» пултіне Қонаев пен Тұран көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz SL 55 автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жеткен кезде көліктің қозғалтқыш бөлігі және салоны жартылай жанып жатқан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 12:46-да сөндірілді», - деді ол.
Ресми өкілдің дерегінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.