Астанадағы LRT ісі бойынша сот тергеуі қайта қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша сот тергеуі қайта қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот осы қылмыстық іс бойынша сот тергеуін қайта қозғау қаулысын шығарды. Бұл іс бойынша кейбір түсініксіздік пен күдіктер пайда болды. Осы орайда тыйым салынған мүлік бойынша қаралып отырған іске байланысты бірқатар мән-жайды анықтау үшін жасалды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас.

«Істің мән-жайын анықтау керек. Сот тарапынан сотталушы Абдыхамитовке қатысты бірнеше сұрақ туындап отыр», - деді судья отырыс барысында.

Сот сағат 3.00-ге дейін үзіліс жасады.

Еске салсақ, іс сотқа 2020 жылдың 2 қазанында жолданды.

Елордадағы LRT ісі бойынша алғашқы сот отырысы 2020 жылдың 29 қазанына белгіленген еді.

Сотталушылар ретінде қаланың Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, бұрынғы депутат әрі мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, «Astana Innovations» АҚ бұрынғы басшысы Талғат Әшім, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов пен Дәурен Абдыхамитов жауап беретіні хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар