Астанадағы меморган қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмысқа көшіріледі
Жаңа ереже Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулысында жазылған.
«Өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады», - деп қаулыда.
Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19 -ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда 27 маусымнан карантин күшейтілмек.