«Астанаэнергосбыт» компаниясына 4,6 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астанаэнергосбыт» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің өтініші бойынша, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын сақталу тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның «жеке тұлғалар» санаты бойынша жаңадан енгізілген тұрғын үйлер бойынша жылу энергиясының көлемін қабылдамайтыны анықталды, осылайша құрылыс салушы объектілерді тапсырған кезде жеке тұлғаларға жылумен жабдықтауға жеке шот ашудан бас тартады.

«Объектінің меншік иесі ауысқан жағдайда, құрылыс салушы «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен энергиямен жабдықтау шартын бұзған кезде және жаңа меншік иелеріне жеке шоттар ашпай, бұл объект келісімшартсыз санатқа өтеді.

Сонымен қатар, «Астанаэнергосбыт» компаниясы 25-ші көше 9-үй, А. Храпатый көшесі 14, Достық 1/2, Е67 көшесі 6-үй, Қабанбай батыр 49, Қарасай батыр 22/А, 22/Б, Қазыбек би 11А, Қ. Мұхамедханов 1/1, Қ. Мұхамедханов 1/2. Қ. Мұхамедханов 20, қ. Мұхамедханов 20/1, қ. Мұхамедханов 20/2, Қ. Мұхамедханов 20/2, Керей, Жәнібек хандар 50, Мәңгілік ел даңғылы 45, 58, Тұран даңғылы 58-үй және жалпы 1 191 пәтер бойынша жалпы 3027,72 Гкал көлемінде жылу энергиясы қабылдамаған және шарт жасасудан бас тартқан», делінген хабарламада.

«Астанаэнергосбыт» компаниясы жылу энергиясымен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектісі бола отырып, жеке тұлғаларға жеке шот ашудан және жылу энергиясының көлемін қабылдаудан бас тарту арқылы тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметіне қол жеткізудің тең емес жағдайын жасаған.

«Жоғарыда аталған әрекетпен «Астанаэнергосбыт» ЖШС «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 5), 8) тармақшаларын бұзды, оған сәйкес табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға міндетті.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 4 667 200 теңге көлемінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компанияға жоғарыда көрсетілген тұрғын үйлер бойынша жеке тұлғалармен он күн ішінде шарт жасасу туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді.


Соңғы жаңалықтар