Астаналық кәсіпкер «Ashyq» мобильді қосымшасы туралы: Бизнес үшін жағдай жасалғанына ризамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяуда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының кейбір кәсіпкерлік субъектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталады. Мақсат – ел ішінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту.

Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі аталған жаңашылдыққа қатысты елордалық кәсіпкердің пікірін білген болатын.

«Өз басым «Ashyq» мобильді қосымшасының іске қосылғанына қуаныштымын. Өйткені, карантиндік шектеулерге байланысты біздің бизнес айтарлықтай шығынға батты. Кеше осы мәселеге арналған онлайн жиын өтті, сол жерде біраз сұрақтарды ортаға салып, талқыладық. Айтар болсақ, мен кешенді басқарамын. Онда мейрамхана, боулинг және караоке жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тек қана мейрамхана жұмыс істеп тұр. Егер «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істеуге көшсек, бізге де жеңіл болады. Осы орайда мемлекеттің бизнес үшін жағдай жасағанына ризамын», - деді елордалық мейрхамхана кешенінің атқарушы директоры Юрий Ногай.

Оның айтуынша, COVID-19 індетімен күресудің және адамзатты одан сақтаудың дұрыс тәсілі одан сақтану және алдын алу.

«Ең бастысы біз, бизнес өкілдері мемлекет қойған талапқа бағынуға әзірміз. Ең бастысы жұмыс істеуге рұқсат берсе болғаны. Себебі, шығын шаш етектен. Демек ортақ ереже қабылданса оны қабылдауға дайынбыз. Осы орайда адамзат қауіпсіздігін сақтай отырып, шаруаны дөңгелету принципін мен қолдаймын. Әрине жұмыс барысында түрлі жағдайларға тап болуымыз мүмкін, бұл өмір», - дейді ол.

Еске сала кетсек, еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша ілкі жоба жоба жүзеге асырыла бастайды. Мұндай құжатқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов кеше қол қойған болатын.



Соңғы жаңалықтар