Астаналық жанкүйерлер Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповті әуежайдан қарсы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда жұрты Токио Олимпиадасынан оралған боксшы Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповті қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық жанкүйерлер спортшыларды әуежайдан ерекше ықыласпен және гүлмен қарсы алды. Боксшылар өз кезегінде ризалықтарын білдірді.

«Барша қолдаушыларға рахмет. Жанкүйерлердің қолдауын сезіндім, бастысы сол. Спортта жеңіске жеткенде де, жеңілгенде де қолдау өте маңызды. Өйткені қолдау көрсетудің арқасында жеңілістің ащы сезімін аса сезінбейсің», - деді қазақстандық боксшы Василий Левит.

Сондай-ақ, спортшы отбасы мен жақындарын қатты сағынғанын және үйіне жеткенше асығып келе жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Василий Левит алғашқы кездесуінде испаниялық Эммануэль Рейес Пладан нокаутпен жеңілді.

Сонымен қатар 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан Жүсіпов американдық Джонсон Делантемен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді.



Соңғы жаңалықтар