USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Астаналықтар ауа сапасын мобильді қосымша арқылы бақылай алады

2021 жылғы 24 қараша 18:53
Бөлісіңіз:
Астаналықтар ауа сапасын мобильді қосымша арқылы бақылай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ауа сапасын тексеретін арнайы мобильді қосымша іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қоршаған орта жанашыларлары «Urban talks» жобасы аясында елорданың экологиялық мәселесін ортаға салды.

Аталған шараға экологтармен қатар, қалалық әкімдік және құзырлы орган өкілдері қатысты.

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде тіркелетін аурулардың дені тыныс алу мүшелерімен байланысты екен. Оның негізгі себебі ауа райы сапасы. Оның үстіне елордада көмір жағу мөлшері азаймай тұр. Сондықтан газ жеткізу жұмысын жеделдету керек. Одан бөлек, жыл сайын қоршаған ортаға автокөліктерден келетін зияны бар. Соңғы деректерге сүйенсек, елордада көлік саны 30% -ға артқан. Бұл жағдай ауа тазалығына тікелей әсер етеді. Әрине, соңғы уақытта көлік иелерінің газға көшіп жатқаны қуантады», - деп практикалық экологтар қауымдастығының басшысы Лаура Мәлікова.

Спикердің айтуынша, бүгінде елордада ауа сапасын тексеретін арнайы мобильді қосымша іске қосылды.

«Мобильді қосымша AirKz деп аталады, ол мемлекеттің қаржатына әзірленді. Онда ауа сапасы туралы өзекті ақпарат көрсетіледі. Егер экранда қызыл, сары немесе қызғылт сары түс көрсетке демек ауа лас, адам үшін қауіпті деген сөз. Ондай жағдайда адамдарға көшеге шығуға немесе терезені ашуға кеңес берілмейді. Ал жасыл түс көрсетілсе, терезені де ашып, далаға да еркін шығуға болады. Бұл халықты ақпараттандырудың бір түрі. Бұл ауа сапасы мен кәсіпорындардың жұмысын реттеп, жоспарлау үшін қажет», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT