Астаналықтар Павлодардың етін сатып алу үшін жәрмеңкеге ағылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Павлодар облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың барлық өңірлерінен 100-ден астам кәсіпорын қатысуда. Павлодар облысынан барлығы 110 млн теңге сомасына 465 тонна көлемінде өнім жеткізілді.

Оның ішінде 36,7 тонна ет (барлық түрі), 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс,  60 тонна бақша дақылдары, 5 тонна балық, 90 мың дана жұмыртқа, 6 тонна шұжық өнімдері, 1500 дана ет консервілері, 10 тонна сүт өнімдері, 7,5 тонна қымыз, 4 тонна ірімшік, 10 тонна ұн, 6 тонна жарма, 2 тонна макарон, 2 тонна нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, 4,5 тонна бал, 4 тонна өсімдік майы әкелінді.

«Павлодарлық кәсіпорындар ауылшаруашылық, азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін әкелді. Сонымен қатар тауарды сатып алушыларға  экологиялық таза пакеттер ұсынылуда. Жәрмекеге 50 мыңнан астам адам келеді деп жоспарлаудамыз. Елордалықтар көбінесе Баянауыл еті мен картоп өніміне қызығушылық танытуда», - деді Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев. 

Павлодардың ауылшаруашылық өнімдері астаналықтар арасында үлкен сұранысқа ие екенін жәрмеңке басталғаннан халықтың көптеп келуінен байқауға болады.

«Осындай жәрмеңкелердің қолжетімді бағамен ұйымдастырылуы қуантады. Мысалы, өзімізде 2200 теңге тұратын етті,  жәрмеңкеден 1740 теңгеге сатып алдым. Тиімді сауда болды», - деп өз ойымен бөлісті елорда тұрғыны Бибіғайша Бөженова. 

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, биыл Павлодар облысында аграрлық өнімдердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30% артық болады деп күтілуде.

Екі күн бойы өтетін жәрмеңке аясында облыстық филармонияның концерті ұйымдастырылады.

null null null null null null
null null null
null null
null null null null
null null  

null null 

Соңғы жаңалықтар