Астаналықты пышақпен қорқытып ұялы телефонын алған күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 18 жастағы жігітті пышақпен қорқытып ұялы телефонын алып қойған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 жастағы елорда тұрғыны Біржан сал көшесінде белгісіз біреудің пышақпен қорқытып ұялы телефонын тартып алғанын айтып шағымданды. Шығын көлемі 150 мың теңгені құрайды. Күдікті жәбір шегушіні алдын ала байқаған және аулаға келгенде пышақпен қорқытып ұялы телефонын алып қойған. Жедел іздестеру шарасы нәтижесінде астаналық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Қарағанды қаласында ұстады. Ұсталған 20 жастағы қарағандылық күдікті өз ісін мойындады», - делінген хабарламада.

Күдікті уақытша изоляторға қамалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар