Астананың қауіпсіздігіне бағытталған үздік стартап жобалар анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Стартап байқау нәтижесінде үздік деп танылған жобалар қала қауіпсіздігі үшін жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш күнге созылған Astana Innovations Challenge аясындағы Startup Weekend жобасына 230-дан астам адам тіркеліп, олар өзара 26 командаға бөлінді. Байқауда 26 жоба ұсынылып, оның 11-і финалға шықты.

Әділқазылар финалда үздік деп танылған 3 жобаны анықтап, 1 млн теңге тұратын жүлде қорын үш орынға бөліп берді.

«Astana Innovations Challenge аясында бұған дейін «мәліметтердің ашықтығы» және «ақылды қала» тақырыптарында стартап шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолы «Қауіпсіз қала» тақырыбындағы стартап жобаларға арнадық. Қаланың барынша қауіпсіз болуы жолындағы үздік деген жобалар үш күн ішінде жасалып, анықталды. Тағы бір айта кетерлігі, орын алмаған жобалар да елеусіз қалмайды. Өйткені, осы шараны ұйымдастырудағы әріптес компаниялар кейбір жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Және аталған жоба өз жалғасын табады.Үстіміздегі жылы инновация тақырыбына арналған тағы үш шараны өткізу жоспарда тұр», - деді «Astana Innovations» АҚ-ның басқарма төрағасы Олжас Сартаев.  
null 

Startup Weekend-тің үздік деп танылған үш жобасы:

1 орын - FaceR командасы бет-бейнені тануға арналған платформа;

2 орын - Qaz Aqua командасы SOS батырмасы мен қауіпсіздік таяныш орнатылған функциялары бар GPS білезік; 

3 орын - Stop Bop командасы видеокамерадан қылмыскердің бет-бейнесін тануға арналған жүйе.

Сонымен қатар, аталған шара аясында өз кәсібін жаңадан бастаған жас іскерлер үшін сарапшылар мен бизнесмендер тәжірибелерін ортаға салып, табысқа жету құпияларымен бөлісті.
null null 

Айта кетейік, қауіпсіз қала тақырыбында 6 бағыт бойынша жұмыс істеген жас стартапшылар жобасы осыдан екі күн бұрын басталған.

Соңғы жаңалықтар