Атылған оқ, қолға түскен браконьерлер: Каспийде шетелдіктер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Каспий теңізіндегі су аумағында балық аулаған шетеліктер ұсталды. Бұл жайында ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Шекара қызметінің Маңғыстау облыстық департаменті 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстанның аумақтық суларында түнгі патрульдеу кезінде шекараны бұзған кемені анықтаған. Шекарашылар халықаралық заңнамада көзделген тоқтаудың визуалдық және дыбыстық пәрменін берген сәтте кеме жылдамдығын ұлғайтып, қашуға әрекет жасаған. Шекара қызметі қызметкерлерінің кемені тоқтату туралы талаптарына бағынбау белгісі байқалғаннан кейін әуеге және кеме қозғалтқышына оқ атылған.

«4 шетелдік ұсталып, қозғалтқышқа атылған оқтың тайқып кетуі салдарынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Шекара бұзушылар және олардың жоғары жылдамдықты қозғалтқышпен, спутниктік байланыс және GPS-навигаторымен жабдықталған кемесі портқа сүйреп жеткізілді. Қазіргі уақытта шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар