«Атырау» футбол клубына жаңа басшы келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау» футбол клубына жаңа басшы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен маусымда «Атырау» футбол командасының нашар ойын көрсеткені жанкүйерлерді бей-жай қалдырмады. Футболсүйер қауымның қызығушылығы мен олардың билік өкілдеріне үндеуі назарға ілікті. Қазір команда кезекті оқу-жаттығу жиынында. Ал клуб әкімшілігінде алғашқы өзгеріс болды. «Атырау» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды. Ол - Ізтұрған Баймұханов», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы 1957 жылы 5 қыркүйекте Гурьевте туған.

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Атырау клубының болашақ президенті еңбек жолын 1976 жылы «Гурьевмұнайгазбарлау» ӨБ техник мамандығынан бастады.

Әр жылдарда Баймұханов мырза «Қазмұнайгаз-Тельф», «Арна ойл», «ҚазГерМұнай», «Ембімұнайгаз» сынды компанияларда басшылық қызметте болды. 2018 жылдың 21 шілдесінен жаңа тағайындауға дейін «Атырау облысының кәсіподақ орталығының» төрағасы қызметін атқарды.


А.Соколов


Соңғы жаңалықтар