Атырау қаласы қайтадан карантинге жабыла ма - бас санитар жауабы

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бұл сұраққа облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Күні бүгін ауру жұқтыру көрсеткіші қатаң шара қабылдайтындай жағдайға жеткен жоқ. Дегенмен Атырау облысы, қала тұрғындары мен қонақтарынан шектеу шараларын қатаң сақтауды сұраймын. Мерекелік шараларға қатысудың және ұйымдастырудың қажеті жоқ. Сақтану шараларын қатаң ұстану арқылы ғана қауіпті індеттің таралуын тоқтата аламыз» деді бас санитария дәрігері Амантай Жұмағалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Теңіз кенішінде бір тәулікте 42 жұмысшы індет жұқтырғанын, кен орнында 2 компания карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар