USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырау облысы әкімінің орынбасары бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді

2021 жылғы 18 қазан 22:40
Бөлісіңіз:
Атырау облысы әкімінің орынбасары бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің орынбасары бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жүк тасымалының бастығы 800 мың теңге пара алды деп айыпталды Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов 5 жылға сотталды Шығыс Қазақстанда 140 млн теңгенің субсидиясын заңсыз алған шаруа ұсталды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған.

«Облыс әкімінің орынбасары 83,7 млн теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияны «Бұйырғын» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне заңсыз төлеу фактісі бойынша бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілініп отыр. Қайрат Нұрлыбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде (аталған лауазымға ол 2019 жылғы 5 маусымда тағайындалған), яғни 2019 жылдың 26 маусымы мен 4 желтоқсаны аралығында инвестициялық субсидия келісімшартын жасаған және инвестициялық субсидияны төлеген. Бүгінгі күнге дейін «Бұйырғын» кооперативі 83,7 млн теңге көлеміндегі борышты толықтай орнына келтірді» деп ақпарат таратты әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қайрат Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына биылғы қаңтарда тағайындалған еді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында білім басқармасының экс-шенеунігі сотталғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT