Атырау облысы тұрғындарына алғашқы бұрқасын жайлы ескертілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұрғындарына алғашқы бұрқасын жайлы ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өңірде 4 желтоқсанда ауа райы күрт суытатындығын ескертті.

Кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Ал облыс орталығында күндіз тұман түседі.

ТЖД республикалық маңызы бар жолдарда және қалада, сондай-ақ далалық жерлерде абай болуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар