Атырау облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 3 мың дозасы жеткізілді
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, бұл препарат тұрғындарды COVID-19 инфекциясына қарсы қайта вакцинациялауға
арналған.
«Ресей Федерациясында шығарылған «Спутник Лайт» вакцинасының 3 мың дозасы Атырау қаласындағы №1,2,3,4,5,7, Геолог, Дамбы және Еркінқала елді мекендеріндегі емханаларда, сондай-ақ, жеті аудандық аурухананың егу пункттеріне таратылды. Бұл –векторлық вакцина. Оның құрамы «Спутник V» вакцинасының І компонентіне ұқсас.
Вакцина –18 градус және одан төмен температурада сақталады. Оны коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың толық курсынан 6 ай өткеннен соң ревакцинация үшін алуға болады», -деп мәлім етті Асхан Байдуәлиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында қанша адам ревакцинациядан өтетінін
жазған болатынбыз.