Атырау облысында 14 705 адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 14 705 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 1 ақпан-18 сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының I компонентін 14 705 адам алған.

Ал, II компонент 3291 адамға егілген.

«Атырау облысында 3 сәуірден бері тұрғындарды жаппай вакцинациялау басталды. Осыған байланысты облысқа «Спутник V» вакцинасының 15 200 дозасы жеткізілді. 18 сәуірде аталған вакцинаның I компонентін 535 тұрғын алды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда алғашқылардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын

хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар