+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атырау облысында 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алады

2021 жылғы 21 сәуір 13:12
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші екі-үш есеге төмендеді Атырауда көпжылғы ағаштар тамырымен көшірілді БҚО-да коронавирустан қайтыс болғандар бойынша мәлімет жарияланды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәлім етуінше, 1 ақпан-19 сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының I компонентін - 14 887, ал II компонентін 3 472 адам салдырған.

«Атырау облысында тұрғындардың саны 650 мың адамды құрайды. Оның ішінде 250 мың

тұрғынды вакцинациялау жоспарланып отыр. Бұл санатқа екпе алуға қарсы көрсетілімі жоқ 18 жастан асқан тұлғалар жатады», -дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, 1 ақпаннан бері облысқа «Спутник V» вакцинасының 15 200 дозасы

жеткізілген. Ал 23 сәуірде «Спутник V» вакцинасының I компонентіне арналған 8 мың дозасы әкелінбек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 14 705 адам вакцина салдырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT