Атырау облысында 3 жасар қыздан коронавирус анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында үш жасар қыз коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте қауіпті індетке 12 адам шалдыққан. Оның ішінде 9 науқас –Теңіз кенішінің жұмысшылары.

«Тағы үш науқастың бірі –Исатай ауданында тұратын 3 жасар қыз. Сондай-ақ, Құлсары қаласының 53 жастағы және Атырау қаласының 24 жастағы тұрғындарынан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрі алгоритмге сәйкес ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандар мен індет ошағы анықталып жатыр» -деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгін Атырауда коронавирус инфекциясымен 891 адам тіркелді. Жазылып шыққандар 226 адамға жетті.

Айта кетсек, Атырауда карантин 8 маусымға дейін созылды , Исатай ауданында коронавирустың жаңа ошағы табылып, Сондай-ақ, екі кент карантинге жабылды .



Соңғы жаңалықтар